ТЖМ қызметкерлері адасып кеткен екі жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, кеше күндіз 2010 жылы туған екі сыныптас жылқымен мал іздеуге шыққан. Соңғы рет олар кешкі сағат сегіз жарымға қарай байланысқа шығып, қайтып келе жатқандарын айтты. Бір жарым сағаттан кейін олар үйге оралмаған соң, уайымдаған ата-аналары құтқарушыларға көмек сұрап жүгінді. Оқиға Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында болған.
4 сағаттық үзіліссіз ісдестіру жұмыстарынан кейін, құтқарушылар Торғай ауылынан 8 шақырым жерде қамыстың арасында адасып қалған жасөспірімдерді тауып, елді мекенге жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, – делінген хабарламада.