Қонаевта төтенше жағдай режимі енгілізді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (жел екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шыққан болатын.
"17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды. Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.