«Қазхром» шахтасында апат: 4 адам зардап шекті

Редактор
28 февр. 2025 г., 23:15
«Қазхром» шахтасында апат: 4 адам зардап шекті

Бүгін «Қазхром ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында сутегі шашылып, салдарынан термиялық күйікпен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, тау-кең немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеген.

Ауруханаға 4 жұмысшы жеткізілді. Олардың екеуі травматология бөлімінде жатыр. Ал біреуі үйіне жіберілді. Тағы бір жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, – деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.