Қазақмыстағы апат: компания тау жынысының опырылғанын жоққа шығарды

Редактор
20 февр. 2025 г., 20:50
Қазақмыстағы апат: компания тау жынысының опырылғанын жоққа шығарды
«Қазақмыс корпорациясы» шахтадағы апат болған күні тау жынысы опырылуының болмағанын жеткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Еске сала кетсек, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болып, салдарынан 7 жұмысшы қаза тапты.
 
Кеніштегі жұмыс тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды. Табиғи газдың жарылуына не себеп болғаны талданып жатыр. Компания Үкіметтік комиссиямен және тергеу органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде және қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отыр, – делінген компания хабарламасында.
 
Ақпаратқа сәйкес, соңғы үш жылда Қазақмыс еңбек қауіпсіздігіне 87 млрд теңгеден астам инвестиция салған, ал 2025 жылға жоспарланған қаржыландыру көлемі – 38 млрд теңге.