“Kazakhmys” корпорациясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап арнайы ұшақ сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
"Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джеті үшін 84 миллион доллар жұмсалған деген жаңалық шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады компания ресми түрде.
Корпорация өкілдері өндірістік қажеттілік үшін ұшақ сатып алғанын мойындаған. Алайда ол қандай да жеке тұлғаға арналған ұшақ емес.
“Kazakhmys” өкілдері медиа мен әлеуметтік желі белсенділерін таратып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге және жалған мәліметке жол бермеуге шақырған.