QAZAQGAZ AIMAQ компаниясына 3,6 млн теңге айыппұл салынды

Редактор
11.06.2025, 14:25
QAZAQGAZ AIMAQ компаниясына 3,6 млн теңге айыппұл салынды
Филиалдың экономикалық қызметін үйлестіру бөлігінде заңнаманы бұзушылықтар анықталған

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, компанияның экономикалық қызметін үйлестіру бөлігінде заңнаманы бұзушылықтар анықталған.

Филиал дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарының көлемін бөлу кезінде жекелеген ұйымдарға артықшылық беру және техникалық шарттарды алушыларды таңдау құқығын шектеу арқылы бәсекелестер үшін кедергілер жасады, – делінген хабарламада.

Мұнайлы аудандық сотының және апелляциялық сатының шешімімен филиалға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.