Қауіпті жүргізушілер: Алматыда бір түннің өзінде 6 мас жүргізуші ұсталды

Редактор
8 дек. 2025 г., 18:03
Қауіпті жүргізушілер:  Алматыда бір түннің өзінде 6 мас жүргізуші ұсталды

1-7 желтоқсан аралығында Алматы қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап bairaqmedia.kz

Оның барысында жол қозғалысына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылды.

Жол қауіпсіздігі мәселелері - біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Авариялық жағдайларға тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар бойынша бақылау айтарлықтай күшейтілді, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.


Рейд барысында бір тәуліктің өзінде полиция қызметкерлері 6 мас күйінде көлік басқару фактісін, мемлекеттік нөмірсіз жүрген 12 автокөлікті, сондай-ақ жалған нөмір қойылған 2 көлікті және өзге де бірқатар өрескел құқық бұзушылықтарды анықтаған. Олар бұл әрекеті үшін зая аясында тиісті жазасын алды. 

Еске салайық, алкогольдік ішімдік тұтынып, көлік тізгініне отыру арқылы тәртіп бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің масаң күйде көлік құралын басқаруы) дерегі болйынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылады. Мұндай құқық бұзушылықтар он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.