Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Редактор
6 июл. 2025 г., 14:00
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп жазады bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.