Қарағанды облысында маршруттық автобус аударылып қалды. Автобустың аударылуына қатты жел себеп болған.
Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау -Теміртау трассасында, Петровка ауылына жақын жерде болған.
№84 маршруттық автобус Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша қозғалып бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиғаға желдің күрт күшеюі себеп болып, автобустың тепе-теңдігін жоғалтуына және бүйіріне аударылуына алып келген. Автобуста оқиға кезінде 17 жолаушы болған.
"Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Жолаушыларды үйлеріне жақын жерге жеткізу үшін попутты көлік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.