Қарағандыда полиция басқармасы басшысының орынбасары қаза тапты

Редактор
21 апр. 2025 г., 22:05
Қарағандыда полиция басқармасы басшысының орынбасары қаза тапты

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Бекжан Құсаинов 53 жасында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принципшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – делінген хабарламада.