Қарағандыда аяқ-қолы жоқ мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыстық топ мүшелері сотталды. Топтың серкесі 17 жылға кесілсе, қалғандары 12 жылдан арқалады. деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қысы жазы қайыр сұрап жүретін Николайды бүкіл қала тұрғындары біледі. Сөйтсе, оған берген жұрттың ақшасы қылмыстық топтың қалтасына түседі екен. Оның бір күндік табысы 40 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетіп отырған. Николайды тырп еткізбеу үшін қылмыскерлер әу баста оның жаңа туған қызын кепілде ұстапты.
Табысты жақсы тапқан күні ғана қызымен көрісуге рұқсат беріп келген. Бұл жайлы полицейлер қылмыстық топ серкесінің ізіне есірткі тарату ісі бойынша түскенде кездейсоқ біліпті. Сотқа 4 адам тартылды. Барлығы бір біріне жақындар. Қылмыстық топ құрды және адам саудасын жасады деген бап бойынша топ басшысы 17 жылға кесілді. Ал, оның қарындасы, күйеу баласы мен досы 12 жылдан арқалады. Олар Николайға өтемақы ретінде 8 миллион теңге төлеуі тиіс.
Ол мына топты өзіне жақын адамдардан жасақтаған. Бескова- жиен қарындасы, Гланц-оның күйеуі. Хотин- жақын досы. Әрқайсының өз міндеті бекітілген. Бірінікі Лушниковтың қайыр сұрайтын орнына шығуы мен оған бақылау жүргізу. Екіншісі түскен қаражатты алады. Соңғысы тиын тебенді ірі ақшаға айырбастап, қаражатқа есеп береді, - деді судья.