Қарағанды: Студенттерге қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды

Редактор
19 нояб. 2024 г., 16:00
Қарағанды: Студенттерге қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды

Қарағандыда студенттерге қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды. Ал қылмыстық жауапқа тартуға ата-аналар қарсы болған. Өйткені олар өзара мәмілеге келіп, мұғалімге кешірім беріпті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Азамат Екіжанов Қарағанды жоғары политехникалық колледжі директорының орынбасары: 

— Балалар өзіне неше рет ескерту жасалғанын мойындап та отыр. Тыңдамай қойған. Ескертуге құлақ аспай қойғандықтан, педагог заңға қайшы тәсілмен тәртіп орнатпақ болған. Өзара ымыраға келді. Ата-аналар 140-шы баптың 2-тармағы бойныша педагогты қылмыстық жауапқа тартуға арыз жазған жоқ.