Қарағанды облысында тауар вагондары рельстен шығып кетті

Редактор
3 нояб. 2024 г., 21:10
Қарағанды облысында тауар вагондары рельстен шығып кетті

Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқыс оқиға туралы ҚТЖ мәлімдеді. Хабарламаға қарағанда, оқиға 3 қарашаға қараған таңғы сағат 03.45-те болған.

Құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ, деп жазылған ҚТЖ мәлімдемесінде.