$ 457.21
 534.62
 6.08

Қарағанды облысында өрттен ер адам құтқарылды

Редактор
17.05.2025, 17:10
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ықтимал жарылыстың алдын алды

Қарағанды облысында өрттен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Теміртау қаласындағы 7-ші шағын ауданда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде заттар мен пластик терезе блогы жанған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында түтінді пәтерден 1972 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт 4 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Последние новости

Посмотреть все