Қапшағай су қоймасында 32 адам құтқарылды

Редактор
28.07.2025, 15:06
Қапшағай су қоймасында 32 адам құтқарылды
Қапшағай су қоймасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше Қонаев қаласында қатты жел (15–20...

Қапшағай су қоймасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше Қонаев қаласында қатты жел (15–20 м/с) соғып, су бетінде толқындар көтерілген. Сөйтіп, демалушылардың біразын байдарка мен кайтбордтарда 1,5 шақырымға дейін ашық суға алып кеткен. Өз күштерімен жағаға қайта алмаған азаматтарға патрульдік қызметтегі құтқарушылар шұғыл көмек көрсетіп, арнайы қайықтармен жағаға жеткізді.

Құтқарылғандар қатарында 3 бала бар. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.