Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жылдың басынан бастап полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қару-жарақтардың 4 бірлігі Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталған.
Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.