Қайтарылған активтер есебінен Кербұлақ ауданы Көксай ауылында мектеп салынатын болоды. Осы мақсатта арнайы қор есебінен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қазіргі мектепте спорт және акт залдары, асхана жоқ. Онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Ал жаңа мектеп 60 адамға шақталған.
Мектеп құрылысына қаржы мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.