Прокурор Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға соттауды сұрады

Редактор
18.08.2025, 20:46
Прокурор Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға соттауды сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды...

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сотта прокурор Бауржан Караманов айыпталушының әрекеттері куәгерлердің сөзі мен іс материалдарымен толық дәлелденгенін айтты. Ол Жиембайдың қылмысты мас күйде жасағанын – ауырлататын, ал оның кәмелет жасына толмаған балаларының барын – жеңілдететін мән-жай ретінде атап өтті.

Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (“Адам өлтіру”) және 24-бабының 3-бөлігі (“Қылмысқа дайындалу және аяқталмаған қылмысқа оқталу”) бойынша айып тағылған.