Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

Редактор
29 янв. 2026 г., 15:14
Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы ауысты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.