Президент Қарағанды облысы әкіміне сөгіс жариялады

Редактор
1 нояб. 2024 г., 19:18
Президент Қарағанды облысы әкіміне сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Айта кетейік, Саран қаласында тұрғындар жылусыз қалған еді.

Сол себепті Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды.

Одан соң Қарағанды облысы әкімі өкімімен Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімі орынбасары болған Мақсат Қайрешовке жүктелді.