Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арналған жолдауын жариялау барысында елде жаңа министрлік құруды ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Жаңа ведомство жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі деп аталады.
Жаңа министрлікті премьер-министр орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек, деді президент.
Тоқаев Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру міндеті тұрғанын да айтты.