Полиция қызметкері есек арбаға айыпұл жазды (Видео)

Редактор
30 янв. 2025 г., 19:27
Полиция қызметкері есек арбаға айыпұл жазды (Видео)

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің есек арбаны тоқтатып, иесіне айыппұл жазып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Желі қолданушылары полиция қызметкерінің бұл әрекетін шектен шығу екенін айтады. 

"Қаланың әр жерінен қоқыс-қалдық жинап күн көріп жүрген байғұс қазақтар-ай. Обалдарың билікке, солардың қолшоқпарларына. Енді айыппұл салмағының осылар еді. Кері кеткен ел болдық. Сұмдық", десе, біразы "Шегінгенде аваринка қоспапты", "Поворотник жақпаған ғой" деп жазып жатыр. 

Видеоны түсірген адам да өмірінде дәл мұндай оғаш қылық көрмегенін айтады.

"Неше түрлі сұмдық көрдім, бірақ мынадай сұмдық көрмедім. Мынаны қара, есекке штрап жазып беріп жатыр. Қатты жүріп қойған ғой, или бір жерге дұрыс парковать етпеген бе екен?", - деп видео авторы өзінің таңғалысын жасыра алмаған. 

Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз.