Полиция қызметкерлері ТикТок желісінде тәртіп сақшысы ретінде тікелей эфир жүргізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Алайда оның ІІО-ндарына еш қатысы жоқ болып шыққан.
"Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды. Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды және арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді. Бұл үшін нысанды киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады", - делінген Шымкент қаласы ПД хабарламасында.