Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорын өртенді

Редактор
26 янв. 2025 г., 18:42
Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорын өртенді

Петропавдла өрт сөндірушілер ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағындағы өртті оқшаулады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі тұрған гаражда өрт шыққан.

Өрт шамамен 252 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру материалдардың жылдам жанғыштығымен күрделенді, салдарынан оттың тез таралу қаупі туындады. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі жайылуына жол берілмеді.