Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың наурыз бен қыркүйегі аралығында күдіктілер «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен. Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған. Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.
50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген. Қылмыстық кірістің жалпы көлемі 50 млн теңгеден асты, – делінген хабарламада.
Күдіктілер салымшылардың ақшасына Павлодарда 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңгеге 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.