Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Қала прокуратурасы ақпаратына сәйкес, пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеп, ұрып-соқты) және қайтыс болған адамдардың пәтерлерін ұзақ уақыт бойы жалға беріп келген.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды, – делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.