Қайғылы оқиға кеше кешкісін Павлодардағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.
Назарбаев даңғылы бойындағы №34 үйдің ауласында "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде маңайында адам тұрғанын байқамай қалып, оны басып өте шыққан.
Әйел ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан, көз жұмды.
– Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.