Павлодарда жасөспірім суға батып, көз жұмды

Редактор
03.06.2025, 15:19
Павлодарда жасөспірім суға батып, көз жұмды
Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр

Павлодар облысы Ақкөл ауылында жасөспірім суға батып кетт, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, 2009 жылы туған ер бала тыйым салынған жерде суға түскен.

Екібастұзға қарасты Ақкөл ауылында болған қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 маусым күні сағат 15.40-та келіп түскен. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары шұғыл түрде көлге барып, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жасанды каналда сүңгуірлік-іздестіру жұмысын жүргізу барысында (суару арнасында) сағат 17.00-де 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім тыйым салынған жерде шомылған. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада. 

Департамент мамандары тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және шомылуға тыйым салынған су айдындарында суға түспеуді ескертеді.