«Пәтер алып беремін»: ШҚО-да алаяқ тұрғындарды 56 млн теңгеге алдап кеткен

Редактор
26 февр. 2025 г., 19:14
«Пәтер алып беремін»: ШҚО-да алаяқ тұрғындарды 56 млн теңгеге алдап кеткен

Шығыс Қазақстан обылсында тұрғындарды 56 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыстың 6 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болған. Жәбірленушілер полицияға бір әйелдің мемлекеттік бағдарлама арқылы арзан баспана алып беремін деп уәде етіп, олардан ірі көлемде ақша алғанын туралы өтінішпен жүгінген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, алаяқтық схеманың басы Өскемен тұрғынының әріптесіне өзінің анасын байланыс нөмірін ұсынып, оның баспана алуға көмектесе алатынын айтқан. Аталған ақпарат »сарафан радиосы» арқылы тарап, таныстар мен туыстар да осы көмекшінің қызметін пайдаланғысы келген. Азаматтар күдіктіге миллиондаған теңге берген, алайда уәде етілген пәтерлердің кілті табысталмаған. Кейіннен әйел адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жалпы шығын 56 млн теңге болды, – делінген хабарламада.

Қазір полиция күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.