Жамбыл облысында пандемия кезінде ақша жымқырып, кейіннен сотта ақталып шыққан білім бөлімі басшысының ісі қайта қаралады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы сот ақтау үкімнің күшін жойды.
Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы 21 қаңтарда Жоғарғы сот Бас прокурорының наразылығы бойынша бұрынғы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Нуралиев және «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темиргалиге қатысты Тараз қаласы №2 сотының 26.03.2024 жылғы ақтау үкімінің күшін жойған.
Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданды.
Аталған тұлғалар пандемия кезінде Байзақ ауданындағы мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған жабдықтарды сатып алу барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған, – делінген прокуратура хабарламасында.