Биыл 10 маусымда Оралда Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 8 қазақстандық ұсталып, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан аймақтың бизнес өкілдері зардап шеккен.

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.