Оралда бойжеткен қонақүйдің терезесінен секірмек болған

Редактор
18 февр. 2025 г., 22:00
Оралда бойжеткен қонақүйдің терезесінен секірмек болған

Оралда патрульдік полиция қонақүйдің үшінші қабатынан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полицияға қаладағы қонақүйлердің бірінен шұғыл қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев және Замир Иржигитов барған.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары терезе жақтауында секіруге оқталған қызды анықтады. Полицейлер қызды қауіпсіз жерге шығарып, қонақүйдің ішіне кіргізді. Құтқарылған қызға қажетті көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырылды, – делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қыз мас күйде болған.