Мұғалжарда бөлім басшысы депутаттармен бірлесіп 670 млн теңге жымқырған

Редактор
3 февр. 2025 г., 22:47
Мұғалжарда бөлім басшысы депутаттармен бірлесіп 670 млн теңге жымқырған

Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

 Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

 Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды.