Мұғалімнен министрге дейін: Жұлдыз Сүлейменова туралы не білеміз

Редактор
29 сент. 2025 г., 15:47
Мұғалімнен министрге дейін: Жұлдыз Сүлейменова туралы не білеміз

Бүгін Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Жұлдыз Сүлейменова еңбек жолын қарапайым мұғалім  болып бастаған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өмірбаяны 

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылы 25 тамызда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол – жоғары білімді тұлға.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих мамандығы бойынша бакалавриат бітіріп, кейін философия және саясаттану мамандығы бойынша магистратура мен докторантураны аяқтаған.
2012 жылы “Мәдениеттану” мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін алған.

Жұлдыз Сүлейменованың еңбек жолы

Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004 — 2006)

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006)
Ы. Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007 — 2008)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008 — 2011)
Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011 — 2012)

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012 — 2019)

Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019 — 2021)
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік — мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021 — 2023)

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап)

Айта кетейік, бүгін, 29 қыркүйекте президенттің Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.