Министрлер сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты

Редактор
23.09.2025, 20:09
Министрлер сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты
Қазақстанның сауда және ауыл шаруашылығы министрлері сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қазақстанның сауда және ауыл шаруашылығы министрлері сиыр етін қаншаға сатып алғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жақында ғана Астанадағы "Sauran" базарынан сиыр етін сатып алыпты.
 
"Мен бір аптадай бұрын алдым. Кесек етті 4 200 теңгеге берді. Әрине, кесек еттің өзін ғана бермейді, "суп-наборды" да қосып сатады. Сосын "Sauran-ды" арзан базар деуге болмайды. Жалпы, бүгінде сиыр етінің орташа бағасы 3 100-3 700 теңгенің маңайында", - деді Шаққалиев үкіметте өткен брифингте.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров базарға бармайды екен.

"Етті менің жұбайым сатып алады. Келісі шамамен 4 мың теңге тұрады", - деп атап өтті Сапаров.

 
Айта кетері, осы аптада республика бойынша "БерекеFest" акциясы басталады. Соның аясында етті нарықтан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік болады.