Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

Редактор
19 февр. 2025 г., 21:23
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды, деп хабарлады Ақорда. 

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен жүр.  Мемлекет басшысын Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.