14 жыл бойы Украина бокс федерациясын басқарған және қазіргі халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бірінші вице-президенті Владимир Продивус sports.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың аяқ алысына баға берді.
Қарағанды облысының тумасы Владимир Продивус Нұрбек Оралбай-Хижняк финалынан алған әсері туралы айтып, қазақстандық әуесқой бокстың дамуына сенім білдірді.
«Финал Париж олимпиадасының сәніне айналды. Хижняк пен Оралбай арасындағы жекпе-жек бірінші секундтан соңғы секундқа дейін созылды. Дегенмен, бұл финалда Александр алтын алу үшін барын салды. Украиндық жігіт өзінің агрессивті стилі мен ерік-жігерін көрсетті, ал Оралбай техникалық тұрғыда осал болмай шықты. Екі боксшының аянып қалмай, соңына дейін жұдырықтасқаны жекпе-жекті одан сайын қызықты етті», - дейді Владимир Продивус.
IBA бірінші вице-президенті Нұрбектің алтынға бергісіз күмісін жоғары жетістік екенін айтады.