«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды

Редактор
13 янв. 2025 г., 14:43
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпастан бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының ақпаратына сәйкес, соттың 2024 жылдың 4 желтоқсанындағы қаулысымен компания Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды. Аталған дерек бойынша 2024 дың 11 желтоқсанында компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады, – делінген прокуратура хабарламасында.