22 наурызда Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді. Осылайша маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіледі.
Мегафестивальға қатысу шарттары:
• 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
• Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде қатысу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет.
• Тіркеуден кейін 20 наурызға дейін ұйымдастырушылардан жеке нөмір беріледі.
• 22 наурыз күні сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін бекітілген орынға каталогқа сәйкес ұлттық киіммен келу қажет.
• Рекорд қою рәсімі сағат 10:30-да басталады. Барлық қатысушыларға арнайы білезік беріледі.