$ 457.21
 534.62
 6.08

Маңғыстауда 12 құрылыс компаниясы жалған лицензиямен жұмыс істеген

Редактор
07.06.2025, 19:44
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды

Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Облыстық прокуратура құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізіп, нәтижесінде 12 құрылыс мекеме заңсыз рұқсат алғаны анықталды. Оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Последние новости

Посмотреть все