Маңғыстау облысында құмар ойын ұйымдастырушылар сотталды

Редактор
24 февр. 2025 г., 14:36
Маңғыстау облысында құмар ойын ұйымдастырушылар сотталды

Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігің облыстық департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. 

Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты, – делінген хабарламада.

Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру») және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу») бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.