Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды.
Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024 жылдың наурызында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында қызмет атқарған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл тағайындалды, – делінген хабарламада.