ТЖМ құтқарушылары 48 жүк көлігін қар құрсауынан сүйреп шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, бүгін түнде Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Қазақстан-Түрікменстан тасжолының Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерінде қарлы боран салдарынан 50-ге жуық жүк көлігі тұрып қалған.
ТЖМ қызметкерлері Жаңаөзен қаласынанборанда тұрып қалған адамдарға жетіп, көліктерді сүйреп шығарып, асудан өтіп кетуге көмектесті. Жүк көліктерінің жүргізушілері өз сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.