Маңғыстау облысында 11 оқушы ауруханаға түсті

Редактор
3 апр. 2025 г., 19:27
Маңғыстау облысында 11 оқушы ауруханаға түсті

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы бірдей диагнозбен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, аудандық аурухананың қабылдау бөліміне кеше кешкі уақытта 9-12 жас аралығындағы 11 бала жедел-жәрдеммен жеткізілген. Олардың барлығында құсу мен әлсіздік белгілері байқалған.

Ауданы әкімдігінің мәліметінше, балалар 2, 3 және 5-сынып оқушылары. Барлығы да дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылды.

Дәрігерлер түскен балаларды қарап, үйлеріне қайтарды. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ. Қазір оқушылардың денсаулығы бірқалыпты, амбулаторлық бақылауда, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары осы оқиғадан кейін, жедел тергеп-тексеру жүргізіп, азық-түліктерден сынамалар алған. Оқушылардың неден ауырғанын анықтау үшін, санитариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.