$ 457.21
 534.62
 6.08

«Киік қырылып жатыр»: Экология министрлігі жағдайды түсіндірді

Редактор
28.03.2025, 20:29
Коллаж: bairaqmedia.kz
Коллаж: bairaqmedia.kz
Қазақстандағы киіктердің жалпы саны – 4,1 миллион бас

Әлеуметтік желілерде Қарағанды және Ұлытау облыстарында қыста қырылған киіктердің суреттері мен видеолары тарады. Мұндай жағдайлар еліміздің бірнеше аймағында – Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да тіркелген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл – киіктердің табиғи биологиялық ерекшеліктерімен байланысты құбылыс.

Қалыпты жағдайда киіктердің жыл сайынғы табиғи өлімі жалпы санның шамамен 20%-ын құрайды, ал аталықтарының 50%-ы қырылуы мүмкін. Қыстың қатал болуы және азықтың тапшылығы әлсіз киіктердің қырылуына себеп болады, – деп түсіндірді Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А.Грачев.

Болған жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдар мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арнайы алгоритм негізінде өлекселерді жою жұмыстарын жүргізуде. 150-ден астам маман мен 51 техника жұмылдырылған. Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам киік ұшасы жойылды.

Айта кету керек, Қазақстандағы киіктердің жалпы саны – 4,1 миллион бас. Бұл көрсеткіш Кеңес дәуіріндегі ең жоғарғы деңгейден үш есе жоғары.

Мамандар табиғат заңдылығына сәйкес, осындай жағдайлар жыл сайын тіркелетінін және алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті.

Последние новости

Посмотреть все