Киберқауіптен есірткіге дейін: Алматыда полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін үйретті

Редактор
8 дек. 2025 г., 16:00
Киберқауіптен есірткіге дейін: Алматыда полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін үйретті

Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматыдағы №200 жалпы білім беретін мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған кешенді қауіпсіздік сабағын жүргізді. Іс-шараға киберполиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ювеналды полиция бөлімшелерінің мамандары қатысты.

Полицейлер оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіптер, кең таралған алаяқтық түрлері, сондай-ақ қауіп төнген жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, жеке деректерді қорғау және қажетті жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызына назар аударылды.

Жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс біздің негізгі басым бағыттарымыздың бірі. Мұндай сабақтар балаларға нақты тәуекелдерді түсініп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Біздің міндет – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мектептердегі жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз, себебі алдын алу әрдайым салдармен күресуден тиімді, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.