Киберполиция ұйымдасқан телефон алаяқтарының жолын кесті ВИДЕО

Редактор
10 февр. 2025 г., 16:08
Киберполиция ұйымдасқан телефон алаяқтарының жолын кесті ВИДЕО

Қарағанды және Өскемен қалаларында шетел азаматтары ұсталып, олардан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркілендідеп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізіп келеді.

Осының нәтижесінде бір екі қалада арнайы рейд жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. 

"Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай. 

Сондай-ақ ол Қарағанды қаласында да шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.