Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М. Ақбиев, Б. Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенкоға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, олар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылған
Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдарға сотталды, - делінген Антикор хабарламасында.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны атап өтілді.