Атырауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізіне өзгеріс енгізіп, суретке түскен қыздар ұсталды. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желіде қара киім киген төрт қыздың Қазақстанның өзгертілген туымен түскен суреті тарады. Тудағы дәстүрлі ою-өрнек пен жазудың орнына арабша мәтін мен қылыштың суреті орналастырылған.
Полиция күдіктілердің бәрін анықтап, оларды жауап алу үшін бөлімшеге жеткізді.
Мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Толық ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, заң бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.