Жетісу сот төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды - Антикор

Редактор
7 февр. 2025 г., 16:44
Жетісу сот төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды - Антикор

Ақсу аудандық сот төрағасы Нұрлан Шаймерденовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат рас болып шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша тергеу басталғанын растайды», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр.

Нұрлан Шаймерденов Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған болатын.